Шымкенттегі автобус оқиғасынан кейін көлік компаниясы лицензиясынан айырылуы мүмкін

Шымкенттегі автобус оқиғасынан кейін көлік компаниясы лицензиясынан айырылуы мүмкін.

Жергілікті полиция Shymkent bus паркіне қатысты ұсынысын әкімдікке жолдады. Полиция департаменті тергеу бөлімінің бастығы Нұрдәулет Сүйеубеков оқыс оқиғаға қатысты сараптама тағайындалғанын, автобус жүргізушісі тергеу изоляторында екенін айтты. Апаттан аман қалған 18 жасар қыз бірнеше жерден жарақат алған. Емдеу мен оңалтуға бір айдан астам уақыт кетеді. Қазір оның жағдайы орташа, операция жоспарланбаған. Автобус паркінің директоры Азат Қайыпов тасымалдаушы компания зардап шеккен адамға барлық көмекті жасайтынын айтты.