Елде ғылыми дәрежеге төленетін үстемеақы 1,5 есеге артады

Ғалымдардың ғылыми дәрежесі мен атағына қарай төленетін үстемеақыны 1,5 есе арттыру қажет.

Бұл жөнінде бүгін Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің бірінші отырысындай айтты. Сондай-ақ, президент ғылыми атағы бар, бірақ ғылымға еш қатысы жоқ ғалымдарды да ажырата білу керектігін атады. Олар бұл атаққа тек әкімшілік, саяси қызметінің арқасында ғана қол жеткізген. Ғылымда кездсейсоқ жүргендерден гөрі, нағыз ғалымдарға бөлінетін қаржыны ұлғайтқанымыз жөн – деді, Президент. Бұдан өзге Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымға бөлінетін қаражат көлемін арттырып, ғылымның ашық моделін қалыптастыру керектігін де айтты.