Петропавлда биыл мыңға жуық кәрі ағаш шабылды

Петропавлда биыл мыңға жуық кәрі ағаш шабылды. Әкімдік өкілдері санитарлық отау жұмыстары тұрғындардың өтініші бойынша жүргізілетінін айтып отыр.

Ол үшін мердігер анықталды. Сонымен қатар жергілікті билік өкілдері шахарда, ден-дро жоспар жасамақ. Жоба құны шамамен -130 миллион теңге. Байқау жарияланды. Оның нәтижесі 19-шы сәуірден кейін белгілі болады. Осылайша дендро жоспарды әзірлеген мамандардың ұсынысымен, болашақта облыс орталығы көгалдандырылатын болады.

Эльмира Сәдуақасова, қала әкімінің баспасөз хатшысы:

- Қала үлкен болғандықтан оның барлығының топырағының құнарлығы және жалпы құрамы әртүрлі болғандықтан, барлық жерге бірдей ағаштарды егуге болмайды. Сондықтан осы мамандардың көмегіне жүгініп отырмыз. Жоспар жасалады. Инвентаризация жасалады. Яғни қалада бұкіл өсіп тұрған жасыл желектер жоспарға алынады. Оның топырағы зерттеледі. Және қай жерге қандай жаңа ағаштарды отырғызу қажеттігі бізге айтылады.