Қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

«Көлсай көлдері» ұлттық табиғи саябағының фототұзағына қар барысы түсіп қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кадрдан оның камера алдына келіп, еркелеп, ойнап жатқан сәтін байқауға болады. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, еліміздегі қар барысының саны 180-ге жуықтайды. Бұл жануар Қазақстанда ғана емес, әлемде сирек кездеседі.