Өскеменде гүл егілетін топырақ толықтай ауыстырылып жатыр

Өскеменде гүл егілетін топырақ толықтай ауыстырылып жатыр. Себебі өткен жылы шаһар көшелеріндегі қызғалдақтар нашар өсті.

Өзге гүлдер де ерте солып қалды. Бұл тұрғындарға ұнай қоймағаны анық. Сондықтан коммуналдық қызмет он жыл бойы ауыспаған топырақты жаңарту туралы шешім қабылдапты. Бұл жұмыс 20-дан астам учаскеде жүргізіледі. Осылайша қала көркіне жауаптылар жазда Өскемен жайқалған гүлзарға толады деп отыр. Жалпы 40 мың түп гүл егіліп, оларды суару жүйесі де жаңартылмақ.

Әлібек Тұрсымбетов, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы

- Біздің Бәйтерек кольцосы бар сол жерді ауыстырды,Карбышев көшесінде Үлбі көпірінің астындағы учаскелерді ауыстырды, сонымен қатар, суару жүйесі де толықтай 80 пайызға жаңаратын болады.