Алматыда Шөмішбай Сариев өлеңдері ұйғыр тіліне аударылды

Белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариевтің көзі тірі болғанда ертең 77 жасқа толар еді. Әдебиет тарланының туған күніне орай бүгін Алматыда біртуар ақынның өлеңдері ұйғыр тіліне аударылып, кітап болып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шөмішбай Нағашыбайұлының өлеңдерін тәржімалаған Иминжан Тохтияров  ұйғыр тіліндегі кітапты «Дүниені ашық көзбен қарасам» деп атаған. Бір жылдың ішінде Шөмішбай ағамыздың шығармашылығына қанық болдым.  Оның өлеңдерінен туған жері мен еліне деген махаббаты аңқып тұрады. Әрбір шығармасының мазмұны бай, мағынасы терең. Әсіресе Асқар Сүлейменовке арнаған поэмасы маған ерекше шабыт берді. Бұл жинаққа Шөмішбай ағамыздың 170-ке жуық өлеңдері кірді, - дейді кітап авторы.

Иминжан Тохтияров, ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі:

- Ертең Шөмішбай ағаның туған күні еді. Бірақ өлді деуге аузымыз бармайды енді. Әндері шырқалып жатса, өлеңдері, міне. Тағы бір қосымша айтатын жерім Қазақстан егемендік алғаннан бері мен өзім анализ жасадым. Бірде-бір қазақ ақындарының өлеңі аударылып шықпапты ұйғыр тіліне. Мен сол жағынан бақытты сезінем өзімді.