7 жастағы қыз Сириядан Қазақстанға оралды

7 жастағы қыз бала Сириядан елге оралды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандық содырдың әрекеті салдарынан баланы елге алғызу 6 айдан астам уақытты алғанын хабарлайды.

Қазір ол Астананың балаларды қолдау орталығында медициналық тексеруден өтіп жатыр. Психологтар баланың жағдайы жақсы екенін айтты. Жақын арада ол туыстарының қамқорлығына беріледі.

Жалпы, 2019 жылдан бастап террористік белсендік жоғары аймақтардан 500-ден астам бала елге қайтарылды.