Кеншілер зейнетке ерте шығуы мүмкін

Үкімет басшысы өңірдегі бірқатар өнеркәсіп нысандарын аралады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мыс кенішінде шахтерлермен кездесті. Сәтбаев қаласындағы Орталық аурухананаға жүргізіліп жатқан жөндеу жұмысын көрді. Аурухана қызметкерлерімен де жүздесті. Мұнда медбикелердің бірі кіші қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесін сұрады. Әлихан Сымайылов 2020 жылдан 2023 жылға дейін дәрігерлердің жалақысы жыл сайын 30%-ке, ал орта буын медицина мамандарының жалақысы 20%-ке ұлғайтылғанын еске салды. Алайда Ұлытау облысында кіші медицина қызметкерлерінің жалақысы тек 15%-ке көтерілген. Премьер-министр бұл мәселені аяқсыз қалдырмауды тапсырды.

Мұнан соң Жезқазған мыс балқыту зауытына барды. Мұнда жылына 200 мың тоннаға жуық тазартылған мыс өндіріледі. Өндірісте 2 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Сәтбаев қаласындағы «Анненский» шахтасында зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін кеншілерді әлеуметтік қамсыздандыру, жазатайым оқиғалардан сақтандыру мәселелерін талқылады. Әлихан Смайылов қазіргі уақытта жүйеге өзгерістер енгізу мәселесі пысықталып жатқанын, бұл кеншілерге ерте зейнетке шығуға мүмкіндік беретінін жеткізді. Бұдан бөлек, зиянды немесе қауіпті өндірісте жұмыс істеп, еңбекке жарамсыз болып қалған азаматтарға зейнетке шыққанға дейін және одан кейін сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мәселесі қаралады, - деді Әлихан Смайылов.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

- Бұл дұрыс емес, жыл сайын 20%-ке көтеру туралы шешім қабылданды, осылайша, 4 жыл ішінде жалақыны шамамен екі есе өсіру көзделген. Әкімдікпен бұл мәселені шешейік.