Атырауда масамен күрес басталды

Ал атыраулықтар маса улауға кіріскен. Биыл бұл жұмыс ерте басталды.

Мердігер мекеме ерте анықталып, жұмысқа кіріскен.р 3 бригада мен 10 техника шаһардағы көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлесі мен кірберісін дәрілеп жатыр. Былтыр маса улауға 130 млн теңге бөлінсе, биыл 50 млн теңгедей ғана қаражат қаралған. Өйткені қала іргесіндегі ауылдық округтер бұл жұмыстармен өздері айналысатын болған

Нұрислам Ғұмар, қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы:

- Жалпы маусым бойына маса улау жұмыстарын 23 маман, 45 техника атқаратын болады. Сонымен қатар осыған дейін ауылдық округтерде қалалық әкімдік жұмыс атқарып келген болса маса улау бойынша. Енді жерде ауылдық округ әкімдігі өздері тікелей осы жұмыспен айналысады. Яғни маса улау мен ауыл тазалығына ауылдық округ әкімдігі тікелей жауап беретін болады.