Елдің оңтүстік аймақтарында жеміс ағаштары гүлдеп жатыр

Ал дәл осы шақта оңтүстікте жер көкпеңбек, гүлдер де жайқалып тұр.

Кеше Шымкент ,Түркістан, Тараз қалаларында 32 градусқа дейін ыстық болды. Күн қайнап, субұрқақтар іске қосылып, жұрт ыстықтан кірерге жер таппады. Тек бүгін сәл салқындаған. Яғни 20 -22 градус шамасында жылы. Қазір осы оңтүстік аймақтарда жеміс ағаштары гүлдеп, алды түйін салып жатыр.