Астанада жалған ақпаратпен күресуге арналған семинар өтті

Астанада жалған ақпаратпен күресуге арналған "Тех Кэмп Қазақстан" семинары өтті.

Жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген  сарапшылар қатысып, жалған дереккөздерге қарсы күреске цифрлық құралдарды қолдану жайын талқылады.

Думан Смаков, Medianet халықаралық журналистика орталығы директорының орынбасары:

- Біз жасанды интеллекті пайдаланып жаңа құралдар жасауға көмектесеміз. Мысалы қолөнер, киберқауіпсіздік салаларын айтуға болады. Сонымен қатар оларды әлеуметтік желілерде насихаттауға қолдау жасаймыз.

Аканкша Рэй, TechCamp Kazakhstan жаттықтырушысы:

- Жасанды интеллектті жалған ақпаратпен күресуге қолдануға болады. Терең фейктер, бейнелермен өзге де кескіндер сканерленіп, оның жалған не жалған еместігін деп анықтайтын тәсілдер бар.