«Челябі - Новосібір» тас жолын су басты. LIVE

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзені арнасынан асты.

Салдарынан республикалық маңызы бар «Челябі - Новосібір» тас жолының бір бөлігін су басып, жүздеген метрге жайылған. Аталған учаскеге қазір мобильді бекет қойылды.

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Қазір біз Петропал су торабының маңыңда тұрмыз. Ана жақта ерке Есіл өзені ағып жатқан.Шамамен сәуір айының басында Сергеев су қоймасы тасып, су көтерілген еді. Енді міне он күннен астам уақытта ол облыс орталығына да жетті. Бүгінгі күні «Челябі - Нововсібір» бағытындағы жолдың 528 шақырымын су басып қалды. Қазір осыған байланысты бұл аумақта жол қозғалысы шектелді. Яғни арнайы бекет қойылып, мамандар кезекшілік жасап жатыр. Су басқан учаскенің ұзындығы 100 метрге дейін жақындап қалған. Біз осы жағдайға байланысты  мамандардан сұхбат жазып алған болатынбыз. Олай болса , соған назар аударсақ. 

Назымбек Елемесов, Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы:

- Альтернативті жол бар Заречный кентінің ішімен. Гидроузел жағымен. Тұрғын үйлерге еш қайіп төніп тұрған жоқ. Саяжай учаскелері 20-дан 30-ға дейін қазір су басты. Обволование жасалды. Қаптар, инертті материалдар бәрі дайын. Кезекшілік ұйымдастырылған. Полиция, төтенше жағдайлар қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар тәулік бойы қызметте. 18,19 20 күндері  судың ПИК болуын күтеміз.

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Артымыздағы Заречный кенті. Бұл Петропавл қаласындағы шағын аудандардың бірі. Тұрғын үйлермен қатар бұл аумақта бірнеше саяжай коперативі бар. Сол себепті жауаптылар жағдайды қатаң бақылауда ұстап отыр. Ал Қазгидромет мамандары Ақмола облысында тағы да судың көтерілгенін алға тартуда. Бұл дегеніміз алдағы уақытта тасқынның екінші толқыны басталуы ықтимал.