Қарағанды облысында жабылған жолдар ашылады. LIVE

Қарағанды облысында күн райы күрт бұзылып 5 бірдей бағыттағы жол жабылды.

Салдарынан ұзын-сонар көлік кептелісі пайда болды. Жол полициясының мәліметінше жабылған жолдар шетінен ашыла бастайды.

Дәл қазір біз Қарағанды-Астана бағытындағы жолдың бойында тұрмыз. Көріп тұрғандарыңыздай кептелісте тұрған көлік саны өте көп. Жол түнде жабылған, содан бері ашылуын күтіп тұр. Екі күн жаңбыр жауып, бүгін арты қарға ұласты. Мамандардың айтуынша, автобан көк мұз.

Айта кету керек, құтқарушылар түні бойы 63 адамды құтқарған. Барлығы дін аман. Оларға ыстық тамақ пен жылы орын ұйымдастырылды. Ал екі күн ішінде облыста 28 жол апаты болып, бір адам мерт болған. Синоптиктер ертең күн ашылады деп отыр. Бүгін мектепте сабақ тоқтаған жоқ.