Алматыда жылу электр орталықтары ескірген

Алматыны жылу және электрмен қамтып отырған орталықтардың құрал-жабдығы 78%-ке тозған. Бұл туралы «АлЭС» компаниясының өкілдері хабарлады.

Кейбір орталықтың салынғанына 60 жылдан асқан. Осы күнге дейін бар болғаны 20 құрылғы жаңартылыпты. Жарты ғасырдан аса жұмыс істеп тұрған қазандықтарды жаңалап, электр желілерін ауыстыру қомақты қаражатты талап етеді. Мамандардың айтуынша, Алматы өңірін жарықпен қамтамасыз ететін электр желілері де жөндеу көрмеген.  

Жақсылық Сағынбеков, «Алатау жарық компаниясы» АҚ бас инженері:

- Тариф көтерілуі мүмкін, тариф көтерілмейді деп айта алмаймыз қазіргі таңда. Өйткені, өздеріңіз көріп тұрсыздар, 60-жылдары шыққан электр қондырғылары өзінің эксплуатациялық ресурстары бітіп жатыр. Оған қосымша бөлшектер шықпайды.