Қасиетті Меккедегі Қадыр түні. LIVE

Қадір түнін мұсылмандар үшін қасиетті мекен Мұхаммед пайғамбар дүниеге келген Мекке қалай қарсы алып жатыр? Онда барған қазақстандықтар не дейді?

Әл-Фараби Серіков, тілші:

- Мен дәл қазір иісі мұсылман үшін ең асыл мекен саналатын Мекке қаласындамын! Дәлірек айтқанда, Әл-Харам мешітінің ішіндемін! Рамазан айының соңғы 10 күнін осы жерде өткізу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен мұсылмандар жиналады. Оның ішінде Қазақстаннан да келген адамдардың саны көп. Нақты санын айту қиын.

Рамазан айын, оның ішінде Қадір түнін құлшылықпен өткізіп, садақа беріп, сауапты амалдар жасаған абзал екен. Бұл түні жасаған дұғалар кері қайтарылмайды. Ендеше құрметті көрермен тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!