ШҚО-да кәсіпорын 22 млн теңгенің тракторын 142 млн теңгеге алмақ болған

Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік сатып алу кезінде 22 млн теңге тұратын тракторды 142 млн теңгеге саудаламақ болғандар анықталды.

Ауылшаруашылық саласындағы кәсіпорын бір техниканы нарық бағасынан шамамен 4 есе қымбатқа алуды көздеген. Алайда жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері жіміскі әрекеттің жолын кесті. Департамент қызметкерлері өткен жылы  425 миллион теңгенің үнемделуіне ықпал етіпті.

Денис Шакенов, ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы:

- Біз бұл жолы да әдеттегідей нарықтағы және келісім-шарттағы  баға көрсеткішіне мониторинг жүргіздік. Осылайша 22 миллион теңге тұратын трактордың 143 миллион теңгеге  сатылуына кедергі жасадық. Бюджет қаржысын үнемдедік.