Қ. Тоқаев Берік Уәлиді қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады.

Президентке Агенттік қызметін заман талабына сай жаңғырту жөнінде берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндалды. Атап айтқанда, қызметкерлерді әлеуметтік жағынан қолдау шараларына, жаңадан құрылған облыстардың орталықтары – Жезқазған, Қонаев қалаларында меншікті тілшілер пункттерін ашуға қатысты мәселелер шешілген. Сонымен қатар Мемлекет басшысына «Хабар» Агенттігін» техникалық тұрғыда жаңғырту жоспары, 2022-2023-ші жылдары акционерлік қоғамның құрамына кіретін телеарналарда қолға алынған ақпараттық, қоғамдық-саяси және танымдық жобалар жайлы мәлімет берілді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттіктің атқарған жұмысын оң бағалады және оның мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Мемлекет басшысына «Хабар» Агенттігін» техникалық тұрғыда жаңғырту жоспары, 2022-2023 жылдары акционерлік қоғамның құрамына кіретін телеарналарда қолға алынған ақпараттық, қоғамдық-саяси және танымдық жобалар жайлы мәлімет берілді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттіктің атқарған жұмысын оң бағалады және мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.