Жаңаөзенде жарылыстан зардап шеккен 3 адамның жағдайы ауыр

Жаңаөзенде жарылыстан зардап шеккен 3 адамның жағдайы ауыр.

51 жастағы ер адам кеше тікұшақпен Ақтауға жеткізілді. Қазір облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Баспасөз қызметінің мәліметінше, денесінің 70%-ін күйік шалған. Қазір есін жиды. Тағы бір ер адам мен әйел, Жаңаөзендегі ауруханада жатыр. 23 жастағы келіншектің бел омыртқасы сынып, денесінің 30%-і күйген. Үйінді астынан құтқарылған тағы бір азаматқа операция жасалды. Олардан бөлек, травматология бөлімшесінде 3 адам жатыр. Дәрігерлер 9 және 15 жасар қыз бала мен 58 жастағы ер адамға, қажетті көмек көрсетіліп жатқанын айтады. Кеше, газ жарылуынан, Жаңаөзендегі екі қабатты үйдің, 4 пәтері қираған еді. Апат себебін комиссия анықтап жатыр.