Азаматтық бірегейілік

Қазақстан азаматтарының ана тіліміз бен төл тарихымызды оқып білуге деген қызығушылығын арттыруда өзге елдердің тәжірибелерін ұтымды пайдалану керек.

Себебі бұндай ортақ құндылықтар азаматтық бірегейілікті қалыптастырады. Бұл жөнінде бүгін «Көзқарас» Қазақстан халқы Ассамблеясының талқылау алаңында айтылды. Жиынға қатысушылардың пікірінше, азаматтық бірегейілікті қалыптастыруда патриоттық тәрбие, тіл және ортақ әлеуметтік құндылықтар маңызды рөл атқарады. Бұдан бөлек сарапшылар, жаһандану мен заманауи технологиялардың да өзіндік әсері бар дейді. 

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Министрлік жүргізген зерттеудің нәтижесіне сәйкес респонденттердің 36,8% бірегейілік құндылықтарының ішіндегі ең маңыздысы деп азаматтық бірегейілікті атап өткен екен. Ал этникалық - 16,6%, діни – 15,7%, ал жалпы адамзаттық бірегейілік - 9% ретінде көрсетілген. Азаматтық бірегейілік қалыптасып келе жатқан тұтастық пен Тәуелсіздік сөз болғанда қоғамның түрлі арандатуға жол бермейтінінде байқауға болады. Жалпы бұл тұрғыда саланың дамуында ҚХА жұмысын айрықша атап өткен жөн.