Петропавл қаласында 700 саяжай су астында қалды

Петропавл қаласында 700 саяжай су астында қалды.

Зардап шеккендер жоқ.  Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Құзырлы мекеменің мәліметіне қарағанда Есіл өзені тасып, Заречный кенті маңындағы екі жолды бойлай ағып жатыр. Осыған байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды. Мамандардың айтуынша, жағдай бақылауда. Дегенмен, көктемгі тасқынның шарықтау шегі сәуірдің 19 мен 20-ында. Қазір Есіл, Қызылжар және Шал ақын аудандары тұсында су деңгейі көтерілген.