Ел бойынша үлескерлік санаттағы 44 үй бар

Қазір ел бойынша үлескерлік санаттағы 44 үй бар. Оның 16-сы елордада.

Мұндай құрылыс мемлекет есебінен қаржыландырылып жатыр. Бүгін Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен үлестік құрылыстың проблемасы бойынша ведомствоаралық кеңес өтті. Жалпы Заң бойынша құрылысшы үлескердің ақшасын екі жағдайда ғана ала алады. Оның бірі - Қазақстан тұрғын үй компаниясымен келісім-шарт болған кезде, екіншісі - әкімдіктің рұқсаты болған жағдайда. Егер жобаға банк қатысса немесе үйдің қаңқасы болса, әкімдік рұқсат береді. Сондай-ақ, жаңа заңда шарттың атауымен манипуляциялар жасау жағдайы алынып тасталды. Сондықтан азаматтардың қаражатын алу үшін компаниялар тұрғын үй құрылысымен үлестік қатысу туралы шарт жасасуы қажет. Бас Прокурор Құрылыс істері комитетіне проблемалық тұрғын үйлердің бірыңғай реестрін әзірлеуді тапсырды. Ал Астана әкімдігіне проблемалы үйлердің құрылысын жыл соңына дейін аяқтау міндеттелді.