Балқаш жағалауын абаттандыруға 4,2 млрд теңге бөлінді

Балқаш көлінің жағалауында көп кешікпей балалардың ойын алаңдары, велосипед жолы, субұрқақ пайда болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ халық серуендейтін аллеяны гүлмен көмкеріп, ағаш отырғызу жоспарда бар. Бұл қаланың туристік тартымдылығын арттыру үшін жасалып жатқан ауқымды жұмыстардың бірі. Жағалауды абаттандыруға қазынадан 4,2 млрд теңге қаржы бөлінген. Күрделі жөндеу жұмыстары 2 кезең бойынша жүзеге асады.

Соңғы 3 жылда осы жерде демалушылар саны 3 есеге артқан. Жаздың әр айында мұнда шамамен 23 мыңға жуық турист келеді екен.

Темірхан Айдарханов, Балқаш қаласы әкімінің орынбасары:

- Осы алаңда 28 мың текше метрден жоғары көгалдандыру жұмыстары болады. Оның ішіне гүл егу, газондар, тал егу жұмыстары жүреді. Воркауттар салынады, балалар ойнайтын алаңдар, субұрқақтар жасау жоспарда. Көл жағалауында адамдар келіп демалатын орындар, балмұздақ сататын, ойын ойнайтын алаңдар барлығы қарастырылған. Заманауи жоба болып саналады.