Кентау қаласының бұрынғы әкімі 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Дәурен Махажанов жемқорлық үшін сотталды. Іс материалдарына сәйкес, ол жол құрылыс компаниясының директорынан 42,5 миллион теңге пара алған. Сондай-ақ осы істің басқа айыпталушылар да жазаланды. Айта кетсек, Лаврентий Бобрышев бір жылға, ал Бауыржан Түмебаев 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.