2030 жылға қарай елде 3,3 млн адам жұмыспен қамтылады

Олардың 2,2 миллионы жастар болады. Президент Үкімет пен әкімдіктерге осындай тапсырма жүктеді.

Бүгінде әр аймақтың жұмыспен қамту картасы бекітілген. Оған сай жылына шамамен 950 мың адамға жұмыс тауып беру көзделген. Бұл мақсатқа бюджеттен 130 млрд теңге бөлінді. Жастар мен әлеуметтік осал санаттағы 150 мың адам субсидия арқылы жұмысқа орналасады. Сондай-ақ аймақтарға жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін 40 млрд теңге бөлініп отыр. Президент әкімдерге бұл жұмыстардың нәтижелерін тұрақты түрде баяндап тұруды тапсырды. Мемлекет басшысы: «Ауылдардың тұрмыс сапасын жақсарту – жергілікті биліктің басты міндеті. Елге қаптаған статистика емес, нақты нәтиже, жылдам интернет, сапалы байланыс керек», - деп атап өтті.