Талдықорғанда білім бөлімінің қызметкерлері ақша жымқырды деген күдікке ілінді

Талдықорған қалалық білім бөлімінің қызметкерлері шамамен 2 млрд теңге ақша жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар мекемеде жұмыс істемейтін тұлғалардың шотына жалақы есебінде ірі сома аударған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, қазір іс тергеліп жатыр. Жетісу облыстық прокуратурасының үйлестіруімен күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.