Елде көші-қон бағдарламасының шарттары өзгерді

Биыл Солтүстік Қазақстан облысына еліміздің өзге аймақтарынан 2 мың 700-ге жуық адам көшіп келеді.

Бірақ оларға бұрынғыдай үй берілмейді. Енді қоныс аударушыларға баспананы сатып алуға немесе салуға, сонымен қатар несие рәсімдеуге алғашқы жарна ретінде 4 млн. теңгеге жуық ақшалай сертификат  қарастырылған. Қазіргі таңда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен көші-қонды ынталандырудың жол картасы әзірленді. Құжатқа сәйкес 8 мың адамды көшіру жоспарланып отыр.   

Ринат Елжасов, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

- Қазіргі таңда олар қоныстанатын ауылдардың тізімі белгіленді. Мемлекет қолдауы толық қарастырылған. Жыл басынан бері 148 отбасы көшіп келді. Көбі Астана, Шымкент қалалары мен Түркістан облыстарының тұрғындары.