Атыраулық ихтиологтар бекіре тұқымдас балықтарға чип орнатты

Атыраулық ихтиологтар бекіре тұқымдас балықтарды енді арнайы құрылғы арқылы бақылайды.

Яғни чип орнатып, олардың жүру жолын, жылдамдығы мен уылдырық шашатын орындарын анықтайды. Өңірге Германиядан арнайы келген маман жергілікті ғалымдарға жаңа құрылғыны пайдалану тәртібін үйретті. Мамандар әзірге 4 бекіре тұқымдас балыққа чип орнатқан. Су маржандары енді Жайыққа жіберіледі. Ал ғалымдар алдағы 3 ай бойы оларды арнайы құрылғы арқылы зерттейді.

Гүлдана Маратова, ихтиолог:

- Біздің Атырауға келген басты себебіміз мемлекеттік тапсырыс бойынша бекіре тәріздес балықтардың жай күйін экологиялық, генетикалық мониторинг жүргізу мен қатар аналық үйірлерін қалыптастыру. Біз жаңағыдай иновациялық, акустикалық әдістерді қолдану арқылы ғана біз олардың жайын анықтай аламыз. Себебі оның уылдырық шашуға барған жолдарында кедергілер болады. Антропогендік, браконьерлік аулаулар. Сонымен қатар, бекіре балықтарының уылдырық шашатын нақты орнын ешкім білмейді.