ТМД аясында авторлық құқықты қорғау күшейеді

ТМД аясында авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау күшейтіледі.

Әділет министрі Азамат Есқараев тиісті заң жобасын Мәжілісте таныстырып, коммуникация желілері мен интернеттегі авторлық құқықтың, бұзылуына қарсы, тетіктер қарастырылғанын айтты. Жауапкершілік артып, құқықтық мәдениеттің қалыптасуына ықпал жасалады. 2021 жылы елімізде 40 лицензияланбаған интернет ресурсы анықталған. Оларды бұғаттау кибер-бақылау ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылды.