Қолжетімді медицинаға қол жетпей тұр. LIVE

Бүгін Мәжіліс отырысында 4 Заң жобасы қаралды.

Депутаттар мемлекеттік корпорация қызметі, ұлттық қауіпсіздік, кедендегі тауаларды тасымалдау және ТМД мемлекеттерінің арасындағы авторлық құқықты сақтау мәселелерін талқылады.

Бүгін депутаттар көтерген өзекті мәселе көп болды. Мен бірнешесіне тоқталып өтейін, алдымен Асхат Аймағамбетов Тегін медицина мәселесін көтерді. Оның айтуынша, 3 күннен 1 айға дейін созылатын ұзын-сонар кезек қолдан жасалып отыр. Басы ауырып, балтыры сыздаған жұрттың бәрі бірдей тегін ем алып жүрмегені анық. Осының әсерінен, жұрт ақылы клиникаларға барады. Оның үстіне қалың қараша табысының бір бөлігін қиып берген медициналық әлеуметтік сақтандырудың қаржысы қайда жұмсалатынын білмейді, осыған ашықтық керек. Депутаттың сөзі емханалар қазір бармақ басты, көз қысты әрекет жасайтын орынға айналып барады дегенге саяды. Бұл мәселелрді шешу керек. Шешу үшін цифрландыру, ашықтық керек.

Әскердегі әлімжеттікті қалай шешеміз?

Менің келесі айтатын мәселем әскерден қашып жүрген жастардың құлағына майдай жағатын шығар. Себебі мәжіліс қабырғасында, қателеспесем алғаш рет, әскери қызметті келісімшартқа ауыстыру керек пе деген ұсыныс айтылды. Оған себеп әрине әскердегі әлімжеттік. 2018-2022 жылдардағы елде 17мыңнан аса суицид фактісі тіркелді. Соның 86-сы әскерде болған. Тағы 20 сарбаз өзіне қол салуға тырысыпты. Депутаттар шын мәнінде бұл сан екі есеге көп болуы мүмкін дейді. ұсыныс назарларыңызға ұсынайық.

Наурыз Сайлаубай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының фракциясы қазақстандық армияны бірыңғай келісімшарт бойынша әскери қызметкерлерден жинақталатындай етіп кәсіби негізге толығымен ауыстыруды ұсынады. Біз қорғаныс қабілеттілігі мәселелерін шешу кезіндегі басты назар Қарулы Күштердің жеке құрамы өзінің өмірлік қызметін әскери қызметпен байланыстырғысы келетін азаматтар қатарынан құрылуы тиіс деп санаймыз.

Мәжіліс отырысының қорытындысы

Қожа Ахмет Яиассауидың қазіргі жайы да айтылды. Ашығын айту керек, әчіресе күнгейдегі жұрт кесененің жағдайымен жақсы таныс. Бай тарихи мұраның айналасын абаттандырамын деп жағдайын асқындырып алдыңдар дейді депутаттар. кесененің айналасындағы сапасыз, олқылықтары көп құрылыстарды кешіктірмей реттеу керек деді. Сондай ақ, депутаттар жақын арада дәрінің бағасы 30 пайызға дейін өсуі мүмкін дейді. Сеьебі, дәріханаларға қойылатын жаңа талапты енгізу 5 млн теңге тұрады екен. Бірақ қымбатшылықтың алдын алуға да болатын сыңайлы.