Мәжіліс депутаттары әскерге шақыру жүйесін реформалауды ұсынды

Елде кейінгі 3 жылда 270 әскери қызметкер қаза тапты.

Соның 20%-ы өзіне-өзі қол жұмсаған. Бүгін Мәжіліс депутаттары әскерге шақыру жүйесін реформалауды ұсынды. Қарулы Күштердің құрылымы мен құрамын жаңғыртып, әскери дайындықты жетілдіру мәселесін көтерді. Заманауи әскери техникамен жасақтау, цифрландыру мәселесі де айтылды. Кейінгі үш жылда сарбаздарға қатысты қозғалған істерге талдау жүргізу, талап етілді. Депутаттық сауалында Наурыз Сайлаубай : "Әскерді келісімшарт бойынша жасақталған кәсіби сарбаздармен толықтыру керек" - деген бастама тастады.

Наурыз Сайлаубай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының фракциясы қазақстандық армияны бірыңғай келісімшарт бойынша әскери қызметкерлерден жинақталатындай етіп кәсіби негізге толығымен ауыстыруды ұсынады. Біз қорғаныс қабілеттілігі мәселелерін шешу кезіндегі басты назар Қарулы Күштердің жеке құрамы өзінің өмірлік қызметін әскери қызметпен байланыстырғысы келетін азаматтар қатарынан құрылуы тиіс деп санаймыз.