Қарағандыда қоғамдық көлікте кітап оқуға болады

Қарағандыда қоғамдық көліктің ішінде кітап оқуға болады.

Ол үшін автобустың әйнегіне жапсырылған QR кодты сканерлесеңіз жеткілікті. Қазақ және шетел әдебиеттерінің жауһарларымен сусындай аласыз. Шығармалардың ішінен Абайдың "Ескендір", Мұхтар Әуезовтің "Көк-серек", Александр Пушкиннің ертегілері, Артур Конан Дойлдың "Жоғалған әлем" туындыларын, және басқа да кітаптарды таңдауға болады. Әзірге электронды кітапхана жобасы 22 автобусқа орнатылған. Жуырда тағы 60 автобуста пайда болады.

Ләззат Ақылжанова, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары:

- Келесі жобада біз мынау қаладағы халықтың көп шоғырланатын жерлері ол вокзал, автовокзал, аэропорт, ЦОН, банктерге қояйық деп жатырмыз. Негізі фидбек дейді ғой, отзывтарды алып жатырмыз. Тамаша деп жатыр, керемет, қолжетімді, кез-келген айфон болсын, андроид болсын, бәріне де доступ болады. Бөлек программаны көшіріп керек емес.