«Жайлы мектеп» бағдарламасы елдегі 13 апатты мектептің мәселесін шешеді

«Жайлы мектеп» бағдарламасы елдегі 13 апатты және үш ауысыммен оқытатын 93 мектептің мәселесін шешеді.

Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен Аманат фракціиясының кеңейтілген отырысында оқу-ағарту вице-министрі айтты. Ұлттық бағдарлама аясында 2025 жылға дейін заманауи стандарттағы 401 мектеп салу жоспарланып отыр. Алғашқы кезеңде 185 мектеп іске қосылмақ.  Жайлы мектер жобасына республикалық бюджеттен 2,6 трлн теңге бөлініп отыр. Бұған жауапты оператор ретінде "Samruk-Kazyna Construction" компаниясы бекітілді. Бүгінгі отырыста депутаттар өңірлердегі мектеп құрылысының сапасы, отандық мазмұны мен конкурс өткізу процесінің ашықтығына қатысты  бірқатар сауал жолдады.

Ринат Зайытов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Мына орындалмай қалған жобалар 400 мектептің ішінде бәрібір болады сіз қалай десеңіз де. Бір-екеуі жоқ дегенде істелінбей қалуы мүмкін. Біз оған үйренгенбіз. Осының жауапкершілігін де жоба авторларының үлесі бар ма, жоқ тек қана салушылар, құрылысшылар ғана жауап бере ме?

Мәулен Айманбетов, "Samruk-Kazyna Construction" АҚ басқармасының төрағасы:

- Жаңа айтып отырсыз 1-2 салынбай қалуы мүмкін деп. Сондықтан да біз мысалға ең басты талаптардың бірі банк кепілі болады. Лғаш 50 пайыз, содан кейін 30-ға түседі. Одан кейін 10 –ға дейін түседі. Неге дейсіз ғой? Егер мердігер банк кепілдігін алып берсе, ол міндетті түрде тырысады салуға. Неге десеңіз, оның қара списокке де кіруі мүмкін.  Одан кейін страховка дейді ғой договор, бұл да сөйтіп жүреді соттасып – сондықтан ғой қазіргі таңда кейбір нысандардың  салынбауы. Ал мына кепілдік болғаннан кейін ол өзінің ертеңгі күнін ойлайды. Олар міндетті түрде салуға тырысады. Ондай қауіп жоқ.