Қазақстандық лоукостер FlyArystan әуе компаниясын Air Astana компаниялар тобынан бөлінбейді

Қазақстандық лоукостер FlyArystan әуе компаниясын Air Astana компаниялар тобынан бөлінбейді.

Бұл мәселе бүгін «Самұрық-Қазына» қоры қоғамдық кеңесінің ашық отырысында күн тәртібінен алынып тасталды. Отырысқа  ұлттық әуе компаниясының басшылары, сондай-ақ мәжіліс депутаттары мен Алматы қаласының белсенділері қатысты. Air Astana президенті Питер Фостердің айтуынша 4 жылдан бері FlyArystan тасымалдаған жолаушылар саны өсіп 300 пайыздан асқан. Бұған компанияны құру кезінде пайдаланылған батыс моделі көмектескен көрінеді. Сонымен қатар, Питер Фостер екі әуе компанияны бөлер болсақ, синергия мен экономикалық артықшылықтар жоғалады. Сәйкесінше баға бірден қымбаттайтын айтып отыр. Қазіргі таңда FlyArystan компаниясының арзан  билеттерінің басым көпшілігі шамамен 14 мың теңге. Air Astana билеттерімен айырмашылық шамамен 40%. Талқылау барысында «Самұрық-Қазына» қоры Қоғамдық кеңесінің төрағасы Болат Жәмішев әзірге директорлар кеңесі деңгейінде лоукостер FlyArystan әуе компаниясын Air Astana тобынан бөлу туралы шешім қабылданған жоқ.

Питер Фостер, Air Astana Әуе Компаниясының Президенті:

- Жалпы қазақстандық арзан авиакомпания құру жобасы өте сәтті болып шықты. Мұның себептерінің бірі - белгілі бір ресурстарды ортақ пайдалану мүмкіндігі бар. Біз айтарлықтай үнемдейміз, нәтижесінде жолаушыларды төмен тарифтермен тасымалдау мүмкіншілігі туды және жолаушылар тасымалы көлемін арттырды. Қандай жағдай болмасын, компанияның директорлар кеңесі қай бағытта қозғалуды шешсе, ресурстарды бөлісе алу үшін екі тасымалдаушы арасындағы осы синергияны сақтау қажет болады.