Елде азық-түлік бағасы төмендеуде

Төрт апта қатарынан қант, қарақұмық, күнбағыс майының бағасы төмендеуде.

20 сәуірде жариялаған Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тауық еті, картоп, сәбіз бағасы да төмендеген. Бір аптадағы бағаның тұрақтылығы Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ұлытау, Қарағанды, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында байқалады. Әкімдіктер мен сауда және интеграция министрлігінің ақпаратынша 1 ақпаннан 17 сәуірге дейін қордан 53 497 тонна көкөніс сатылған. Күріш бағасын тұрақтандыру үшін Сауда комитеті жаңа келісімшарт жасау мәселесін пысықтап жатыр. Ал пияз бағасын нарықта тұрақты сақтау үшін Тәжікстаннан сатып алу мәселесі қарастырылып отыр.