Бірқатар елдің президенті Айт мерекесімен құттықтады

Барша мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Айт мерекесіне орай Президенттің атына шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп жатыр.

Атап айтқанда, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев достас Қазақстан халқына бейбітшілік тілеп, одан әрі дами түсуіне тілектестік білдірді. Сонымен қатар,  Қырғыз басшысы мен Тәжікстан, Әзербайжан, Түрікменстан президенттері де ізгі тілектерін жолдады.