Маңғыстау облысында мұнай компаниялары басшыларының үстінен іс қозғалды

Маңғыстау облысында финмониторинг агенттігі "ӨзенМұнайГаз" және "Бералы Маңғыстау Company" мекемелеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Олардың басшылары аса ірі көлемде ұрлық жасады деген күдікке ілініп отыр. Тергеу кезінде "ӨзенМұнайГаз" сорғы-компрессорлық құбырларды орнату фактілері жалған екені анықталды. Сонымен қатар, екі компанияның да басшылары былтыр мұнай ұңғымаларын жөндеуге кеткен қаражатты ұрлады деген күдік бар. "Бералы Маңғыстау Company" серіктестігінің  басшысы өзінің жақын туыстарымен 248 млн теңге сомасында арнайы техниканы жалға алуға шарт жасасқаны белгілі, бірақ іс жүзінде ақшаны өздері жымқырды деген айып тағылды.