Ә. Смайылов Абайдың шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді

Әлихан Смайылов Абайдың шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді.

Сапар барысында бірқатар іргелі медициналық орталықтарды аралады. Үкімет басшысы «Жидебай-Бөрілі» аумағында «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, содан кейін мұражай-қорықтың экспозициясымен танысты. Кездесуде жаңа білім беру мекемелерін салу, мәдениет және өнер саласындағы жобаларды жүзеге асыру, Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай іс-шаралар өткізу мәселелері талқыланды.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

- Үлкен тапсырма Президенттің тарапынан бәрімізге көрсетіп отырған. Үлкен ауқымды міндеттерді қойып отыр. Ол осы жаңадан ашылған Абай облысын әрі қарай дамыту. Жаңадан дамыту соған жаңа мен айтқан кешенді даму жоспарын біз бекіткенбіз. Соны қаржыландыру мәселесі біздің қолымызда болады.

Өңірде жаңа медициналық нысандар салу

Премьер-Министр жұмыс сапары аясында облыс тұрғындарына мамандандырылған онкологиялық көмек көрсететін Ядролық медицина және онкология орталығының жұмысымен танысты. Сонымен қатар Үкімет басшысы Облысты дамытудың кешенді жоспарында 400 орындық көпбейінді аурухана, 300 орындық балалар ауруханасы, облыстық қан орталығы мен Семей қаласында екі емхана, сондай-ақ өңірдің ауылдық жерлерінде 65 жаңа алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысанын салу көзделіп отырғанын айтты.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

- Абай облысының даму кешенді жоспары шеңберінде 23-29 жылдарға арналған 5 медициналық нысан құрылады. Ол бірінші көпбейінді балалар ауруханасы. Бейінді үлкен аурухана және қан орталығы және екі емхана. Бүгінгі ядролық орталық жақсы жұмыс істеуде. Ерте диагностика жасап ерте онкологиялық ауруларды емдеуге мүмкіндік бар.