Жаңаөзендік мұнайшылар мазалаған мәселесін жеткізді

Жаңаөзендік мұнайшыларға заманауи техника мен сапалы құрал-жабдық қажет, деп хабарлайды «Хабар 24».

23 сәуір Астанадан барған арнайы комиссия өндіріс орнына барып, бірнеше ұжыммен кездесті. Жұмысшылар негізінен инфрақұрылым мен құрылғыларды жетілдіруді сұрады. Олар қазіргі техниканы жаңалап, қайта әкелгенше, оны заманауи техникаға ауыстыру керек дейді. Мұндай жағдайда өндірістің қуаты артады әрі мұнайшылардың жұмысы жеңілдейді. Айтылған талаптарды жұмыс тобы тыңдап, орталыққа жеткізеді. Комиссияның қызметі аяқталған соң тиісті шешім қабылданады. Жауаптылардың айтуынша, көтерілген мәселелердің барлығын шешуге мүмкіндік бар.

Айта кетейік, комиссия мүшелері мұнда 1 ай болады. Осы аралықта 67 мекеме тексеріледі.

Әділет Шыртанов, бұрғышының көмекшісі:

- Жердің астындағы аварияны анықтау үшін мөр жібереміз, басқа жаңа технология бойынша сол мөрдің орнына камера жібереді, соны біз қолданғымыз келеді. Сондай жаңа технология керек. «Подьемник» 2014 жылғы. Осыны жарамды, 9 жыл сайын жаңартып тұрса. Біздерге сұрақ қойып жатыр енді, не істеп жатырсыңдар, не болып жатыр, қандай өзгеріс керек? Сондай нәрселер сұрап жатыр. Ол жағына рақмет айтамыз. Жақсы, енді жаман деп айта алмаймыз.

Алданбай Сейсенов, «ҚМГ» ҰК» Мұнай өндіру департаментінің жетекші маманы:

- Бұлардың қойып отырған талаптары, ұсыныстары да әртүрлі. Мысалы, КСБИ мекемелері тұрмыстық жағдайларын жақсарту туралы көбірек тілектер айтады. ОМС мекемесі өздерінің техниканы модернизация жасау, жұмыстарын жеңілдету, қайта қарау деген ұсыныстарды айтады. Қарап отсақ, қатты шешілмейтін мәселе емес. Ақша бөлінсе, тұрмыстық жағдайын да, басқасын да шешуге болады.