Ақтөбеде қала көшелеріндегі заңсыз дүңгіршектер алынып тасталды

Ақтөбеде қала көшелеріне заңсыз қойылған сауда орындары алынып тасталды.

Қала әкімдігі өкілдері көшпелі дүңгіршіктер мен шағын дүкендердің дені рұқсатсыз қойылып, санитарлық талаптарды елемей келеді дейді. Жаяу жүргіншілердің жолына орнатылғандары да бар. Бұл жайтқа тұрғындар да наразылық танытқан. Соңғы бір ай ішінде мұндай 32 нысан қызметін тоқтатты. 70-тен астам кәсіпкерге ескерту жасалып, заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілген. Бизнес иелері тиісті рұқсат қағазын рәсімдеп заңға сай жұмыс істеуі тиіс. Бұдан бөлек қала көшелеріндегі шағын сауда орындары ортақ кейіпке сай безендірілетін болады. 

Жангелді Әубәкіров, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары:

- Мына заңсыз тұрған сауда орындары ешқандай салық төленбеген. Ешқандай құжаттары жоқ. 152 өтініш түсті. Соны біздер қарастырып, міндетті түрде конкурс арқылы алуға болады. Архитектура мамандары толық мына дизайнды жасап жатыр. Ол бір ай көлемінде дайын болады.