Қазір балық аулауға болмайды

Қазір балық уылдырық шашып жатыр. Яғни су жәндігінің көбейетін кезеңі.

Бұл уақта балық аулауға болмайды. Бір жағынан - обал, бір жағынан- қылмыс. Бірақ оған  да қарамайтындар бар. Қапшағай көлі мен Іле өзенінде инспекторлар моторлы қайықпен суға шыққан екі азаматты ұстады. Мамандардың айтуынша бұл мезгілде инспекцияның келісімінсіз қайыққа мінуге де болмайды. Ал ұсталған күдіктілер айыппұл төлейді. 

Ринат Құмашев  Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары:

- Осы уылдырық шашу акциясы басталғалы бері 5 құқық бұзушылық анықталды инспекция мамандарымен. Екі құқық бұзушылық бойынша әкімшілік сотқа материалдар жолданды процесуалдық шешім қабылдау үшін. Және заңсыз балық аулаған екі азаматқа әкімшілік іс қозғалды.