Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды

Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды.

Сот оның орынбасарларына да бірнеше жылдан жаза кесті. Мәселен, Ануар Садықұлов 16, Дәулет Ерғожин 15, Марат Осипов 3 жыл түрмеде отырады. Бүгін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты осындай үкім шығарды. Мәсімовтің мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды. Садықұлов пен Ерғожин да енді өмір бойы мемлекеттік қызметке бара алмайды. Сот жауапқа тартылған төртеуін де генерал атағынан және наградалардан айырды. Мемлекет кірісіне 10 миллиард теңге және 24 миллион АҚШ доллары өндірілді.