Қостанай облысының Лисаков қаласындағы дәрігерлерге баспана беріледі

Қостанай облысының Лисаков қаласына соңғы 2 жылда 20 дәрігер келген.

Олардың барлығы жергілікті аурухана есебінен пәтер жалдап тұрып келеді.

Лисаковта медицина мамандарына басыбайлы баспана керектігі жайлы көптен айтылып жүр. Бұл мәселе биыл шешімін таппақ. Медициналық орталықтың бір бөлігі қайта жаңғыртылып, тұрғын үйге айналдырылады

Жанабек Бисалин Батыс Қазақстан облысының медицина университетінің түлегі. Әкімдіктің шақыртуымен осы Лисаков қаласына келгеніне төрт жыл болыпты. Содан бері пәтер жалдап тұрып келеді. Оның ақысы мекеме есебінен төленгенімен, екі бөлмелі баспана тарлық етіп отыр-дейді. 

Жанабек Бисалин, амбулториялық емхана бөлімінің меңгерушісі:   

- Екі балам бар. Үшінші балаға жақын арада әйелім босанады. Сол себепті  үш балаға бізге квадтурасы бөлек керек. Жоғарлау болу керек. Сол үшін біз күтіп отырық, жаңа үйдің тез-тез салынуын, бітіуін, қашан акимат бізге оны бөлінетіндігін тағатсыздана күтіп отырық.

Соңғы жылдары Дисаковта ақ халаттылардың қатарын толықтырған дәрігерлердің барлығы осы Жанабектің күйін кешіп жүр. Олардың пәтер ақысын төлеуге бюджеттен ай сайын 550 мың тенге бөлінеді екен.

Мариям Мұхамеджанова, Лисаков қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Жаңадан келген қызметкерлердің барлығын баспанамен қамтуға әзірге мүмкіндік жоқ. Сондықтан осылай жалдауға мәжбүрміз. Бізге әлі эндокринолог және дәрігер отолоринголог қажет. Тұрғын үй болса, бұл мәселе де өз шешімін табады.

Дәрігерлердің үміт етіп отырған үй құрылысы былтыр күзде басталған. Төрт қабатты медициналық орталықтың бір бөлігін қайта құрып, 12 пәтерлі тұрғын үйге айналдыру көзделіп отыр. Бар жұмыс ауқымын алдағы маусым айының  басына дейін бітіреміз дейді мердігер.

Әліби Мұханбетжанов, мердігер:

- Есіктердің барлығын кеше екі күн бұрын ғана Ресейден алдырттық. Енді тағы санфанясдар, анау унитаз, рукомойник, ванна деген ол да Ресейден алдыртады. Ол где-то осы 28-не қарай келеді. Растоможка бәрі жасалды. Солар келеді. Міне сондай дүниелер қол байлап отырған. Әйтпесе, одан ерте бітіруге болатын еді. 

Лисаковта алдағы бір-екі жылда әлеуметтік сала қызметкерлеріне арнап, екі тұрғын үй салу жоспарда бар. 

Владислав Заикин, Лисаков қаласының құрылыс бөлімінің басшысы:

- Тағы бір әкімшілік ғимаратты баспана қылып, қайта салмақпыз. 21 пәтерлі бұл нысанның жобасы дайын. Одан бөлек биыл 60 пәтерлі тұрғын үйдің жобалық сметалық құжатын дайындау мақсаты тұр.

Сонымен Лисаковта жалдап тұрып жатқан дәрігерлердің барлығы жаз шыға баспаналы болмақ. Ал олардың орынына орта буын медициналық қызметкерлер қоныстанады.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг