Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 1,5 млн теңгеден берілді

Қарағанды облысында Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлерінің барлығына 1,5 миллион теңгеден берілді.

Күні кеше ақша жеке есепшоттарына аударылды. Қазір өңірде 13 ардагер бар. Оның 9-ы кеншілер қаласында тұрса, қалған 3-уі Теміртауда және Осакаров ауданында 1 ардагер қалған. Ең жасы 93-ке келіпті. Тарихи деректерге үңілсек, 1941-1945 жылдары Қарағанды аймағынан барлығы 45 мың адам соғысқа аттанып, соның 18 мыңы майдан даласында шейіт болған. "Сондықтан ерен ерліктің үлгісін көрсеткен жаужүрек сарбаздарға қандай құрмет көрсетсе де лайықты", - дейді бүгінгі буын. Біржолғы материалдық көмек соғыс ардагерлеріне теңестірілген басқа да санаттағы тұрғындарға көрсетіледі.

Ермек Нұқсиев, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы:

- 37 Ленинград тұтқындары бұрыңғы, сосын 11 концлагерь тұтқындары бар. Сонымен қатар төрт мыңнан аса тыл еңбеккерлері бар. Тыл еңбеккерлері 30 мың теңгеден материалдық көмек алады. Ленинград тұрғындары 60 мың теңгеден, концлагерь тұтқындары 100 мың теңгеден материалдық көмек алатын болады.