Қарағандылық әскери бөлімдерді «Ана жүрегі» қоғамдық бірлестігінің өкілдері аралады

Ана баласы үшін әскерге барды.

Қарағандылық әскери бөлімдерді «Ана жүрегі» қоғамдық бірлестігінің өкілдері аралады. Мақсат  - сарбаздардың тұрмыс-тіршілігін көру. Не киіп жүр, қандай тамақ ішеді, немен айналысады бәрін көреді. Бұл әскердегі қордаланған мәселелерді құзырлы орган және ата-ана болып бірігіп шешудің таптырмас мүмкіндігі дейді жиналғандар. Мұның алдында «Отбасымен бейнеқоңырау» сервисі енгізілген. Ол арқылы сарбаздар үй-іші, туыстарымен сөйлесе алады. 

Динара Ерікова, Астана қаласының тұрғыны:  

- Ұлым әскерге кеткен кезде қатты қорқып, жылаған едім. Себебі хал-жағдайына алаңдағам. Мына жерді көзбен көріп, ұлымның нағыз азаматтық борышын өтеп жүргеніне қуанып қалдым. Ол да нағыз ер жігіт болғанына көзім жетті. Әскерге барамын деген шешімі өте орынды болған екен.

Марат Шахашов, 31775 ӘБ командирі:

- Мұндай кездесулер нәтижесінде қоғамның армияға деген сенімін арттыру , әскери қызметкерлердің жауынгерлік рухын қолдауға мүмкіндік болмақ. Ескертулер мен кемшіліктер болған жоқ. Сарбаздардың ата-аналары келіп, риза болып тарқасты.