Алматының Бостандық ауданындағы көпбалалы аналар жаңа кәсіпті игеруде

Алматының Бостандық ауданындағы «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығында көпбалалы аналар жаңа мамандықтарды меңгереді.

Сонымен қатар, олар психолог, заңгер, қорғаушыдан тегін кеңес ала алады. Орталыққа келген аналар йога, фитнеспен айналысып, ұлттық аспапта ойнауды үйренеді, қажеттілік болса қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруге мүмкіндік бар. Ең бастысы 8 мамандықтың бірін таңдап, жаңа кәсіп игере алады. Атап айтқанда, тігіншілік, аспаздық бизнесі, бет әрлеуші, массаж жасау сияқты мамандықтардың қыр сырын үйренуге болады. Бүгінде Алматының Бостандық ауданында 2 жарым мыңға жуық көпбалалы отбасы тұрады.

Айгүл Көбегенова, күміс алқа иегері:

- Менің алты балам бар. Күміс алқа иегерімін. Балалар өсті, үлкен қызым студент. Енді өзіме көңіл бөліп, жаңа кәсіп үйренгім келеді. Осы мақсатта «Бақытты отбасы» орталығына келдім. Көпбалалы аналарға осындай мүмкіндік жасағанына алғысым шексіз. Сертификат алған соң табыс табуға болады.

Руслан Қалиоллаев, қоғамдық қордың президенті:

- Ана осы жерге келіп айналысамын үйренемін дейтін болса, ол кісілердің бәрін қабылдай аламыз. Өйткені графикпен, бір сағат йога болса, бір сағат тігінге үйрету, бір сағат тырнақ жасау, кулинарияға сол сияқтыларға үйрету.