Д. Қыдырәлі: Бала құқығына мән берілуі керек

Бала құқығына мән беру маңызды.

Өскелең ұрпақтың жайы - ешкімді бей-жай қалдырмауға тиіс. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі осылай дейді. Жиында балалардың қарым-қатынасы, оның ішінде қазіргі заманғы коммуникация құралдарын пайдалана отырып, физикалық және психологиялық зорлық-зомбылықтың алдын алу секілді өзекті мәселелер талқыланды.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Алдында заң жобасы қарастырылды. Заң жобасына бастамашылық еткен кісілер осында. Бүгінде бала құқығын қорғау мәселесі өзекті екені мәлім. әсіресе БАҚ-да бала құқығының сақталуына ерекше мән беруге тиіспіз. Бұл тақырыптың кім-кімді болса да бей-жай қалдырмайды.