Жетісу облысында заңсыз 350 келі балық аулаған ер адам ұсталды

Жетісу облысында заңсыз 350 келі балық аулаған ер адам ұсталды.

Күдікті Талдықорған-Текелі тас жолында қолға түскен. Ол облыс орталығының 57 жастағы тұрғыны болып шықты. Жүк көлігіне жайын, ақтабан, мөңке, сазан сияқты балық түрлері тиелген.  Облыстық полиция департаменті өкілдерінің айтуынша шығын көлемі 1 млн теңге.