Азаптауға қарсы күрес мәселесі қоғамда талқыға түсіп жатыр

Азаптау туралы арыздың бәрі сотқа жетіп жатқан жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құқық қорғаушылардың айтуынша, көбіне дәлел қоры жетіспейді немесе жәбірленуші өз құқығын білмейді. Қазір түрлі ақпарат құралдары арқылы насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр. Азаптауға қарсы күрес туралы заңнамаға толықтырулар мен өзгерістер енгізу мәселесі қоғамда талқыға түсіп жатыр. Заңгерлер деректер қабылдайтын бірыңғай база құруды, сәйкесінше арнайы қосымшаны іске қосуды ұсынады. Сонымен қатар тұрғындар үшін ақпараттық курстар ұйымдастыру қажет.

Абзал Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Азаптау фактісі бойынша қылмыстық істер тергелуі өте қиын, іс созбашылыққа салынады. Міне, сондай бір мысалдар практикада көп кездеседі. Яғни, сотталып, нақты жазасын алып, жазасын өтеп жатқан азаматтар саны мына тіркелген қылмыстық істер санына қарағанда өте аз. Былтырғы қаңтар оқиғасы бойынша арыз берген азаматтардың саны өте көп екенін, бірақ та сотқа кеткен қылмыстық істердің проценттік мөлшері 5%-ке да жетпейтіндігі туралы ақпарат қана бар.