Атырауда үш оқушыдан қызылша анықталды

Атырауда үш мектеп оқушысынан қызылша ауруы анықталды.

Қала іргесіндегі Жаңаталап ауылының «Жамбыл» орта мектебінде 5-сыныпта оқитын 1 бала мен 3-сыныптың 2 оқушысынан қызылша ауруының белгілері байқалған. Қазір сырқаттанушылар қашықтан оқуға көшірілді. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, аталған індет өңірде алғаш 2 наурыз күні тіркелген. Жалпы бүгінге дейін 6 адам ауру жұқтырған. Олармен қарым-қатынаста болған 216 адам дәрігерлердің бақылауында.

Гүлнәр Сәдуақасова, облыстық білім беру басқармасының басшысы:

- 3-сынып пен 5-сыныпты, осы класты біз 25 сәуір мен 2 мамыр аралығында қашықтықтан оқыту форматына көшіреміз деп шештік. Өйткені дезинфекция жұмыстары жүргізілуі керек.