Өскеменде әйелді өлтіріп алған косметологтың үстінен іс қозғалды

Өскеменде сұлулық салонында көз жұмған әйелдің өліміне кінәлі деген күдікпен косметологиялық процедураны жүргізген адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. 

Естеріңізге салсақ 61 жастағы тұрғын қабақтың артық терісін алдыру мақсатында блефоропластика жасатқан. Алайда дәл сол жерде өзін нашар сезініп, жансақтау бөліміне түсіп, жан тапсырған. Алдын ала мәлімет бойынша әйел анафилактикалық шоктан көз жұмған. Полиция қызметкерлері анықтағандай хирургиялық  операцияны  қытай елінде білім алған бірақ та ешбір медициналық әрі фармацевтикалық лицензиясы жоқ азамат жасаған.

Мадина Орынбасарова, қалалық прокуратураның бөлім прокуроры:

- ҚР ҚК 322-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды, адам өліміне әкеп соққан медициналық немесе фармацевтикалық сертификаты жоқ адамның бұл қызмет түрімен айналысуы.